Өңірлер

Смағұлова: демалыс күндері Қазақстанда ауа райы жылы болады

© Photo : из личного архива Сауле Смагуловой"Қазгидромет" инженер-синоптигі Сәуле Смағұлова
Қазгидромет инженер-синоптигі Сәуле Смағұлова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыс басталғанға дейін жауған алғашқы қар қазақстандықтарды таң қалдырғаны анық. "Қазгидромет" инженер-синоптигі Сәуле Смағұлова еліміздегі ауа райы қайта жылынатынын хабарлайды

АСТАНА, 7 қазан — Sputnik."Қазақстан территориясы арқылы өтетін антициклон демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады. Антициклонның қозғалыс бағытына қарай Қазақстанның солтүстік-шығысына қатай Ираннан жылы ауа келеді. Осыған байланысты республикада демалыс күндері ауа температурасы жоғарылайды. Тек еліміздің шығыс бөлігінде температураның жоғарылуы демалыс күні болады деп күтіледі", — деп мәлімдеді Сәуле Смағұлова.


Жаңалықтар
0