Саясат

Назарбаев ММХҚИ түлектерімен кездесті

© Photo : Официальный сайт президента РКММХҚИ түлектерімен кездесу
ММХҚИ түлектерімен кездесу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы саясат мекемелеріндегі дипломаттар мен қызметкерлер арасында ММХҚИ түлектерінің ерекше статусы мен беделін атап өтті

АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ресейдің элиталы ЖОО бірі – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) түлектерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

 Жұма күні Астанада ММХҚИ түлектерінің форумы өтті. оған Ресей СІМ Сергей Лавров та қатысты. Қазақстан сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев та осы ММХҚИ түлегі.
"ММХҚИ ерекше оқу орны болып табылады. Ол жерде барлығы білім алуға талпынатын. Қазір де жастар осы оқу орнында оқығысы келеді. Біз ММХҚИ мен Астана қаласында филиалы бар Мәскеу мемлекеттік университетімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз", — деді Назарбаев ММХҚИ түлектерімен болған кездесу барысында. Оған Лавров пен Тоқаевтан басқа ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов, член Совета директоров компании ERG компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Патох Шодиев және Қазақстанның СІМ Қайрат Әбдірахманов та қатысты.

Жаңалықтар
0