Өңірлер

Оңтүстік Қазақстандағы 11 жасар қыз баланың белгісіз сырқаты

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуКапельницада ілулі тұрған ойыншық
Капельницада ілулі тұрған ойыншық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік Қазақстан облысындағы әйел ауыр науқасы бар қызын емдетуге қажетті квота алуға қол жеткізбекші. Бес жылдан бері дәрігерлер аурудың нақты диагнозын қоя алмай келеді
АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Айнагүл Елтаева көп жылдан бері өзінің қызын белгісіз сырқаттан құтқару үшін шетелден ем алу мақсатында квота алуға тырысып жүр. 
Он жасар Лаура Сағатова көз алдында шөгіп барады: оның сырқатын дәрігерлер нақты анықтай алмай келеді. Жергілікті дәрігерлер қойған диагноз бойынша қабылданған емнің еш нәтижесі болмаған. 
Өз баласын емдету үшін әйел адам мемлекет тарапынан берілетін квотаға қол жеткізгісі келеді. 
Sputnik Қазақстан тілшілеріне берген сұхбаты кезінде Лаураның анасы баласының сырқатын тексеру үшін Алматыға тексеруге барғанын айтып берді. Таяу күндері олар Астанадағы Ана мен бала орталығында жатып, тексеруден өткен. Астанада 22 қыркүйекте алынған анализдерінің қорытындысы екі айдан соң белгілі болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан берілген мәліметке орай, барлық тексерулердің нәтижесі шыққан соң, сырқаттың жағдайы анықталады. 
Алайда, қыз баланың анасы дәрігерлердің нақты емдеу шараларын анықтағанға дейін уақыт өтіп жатқанын айтып, қорқынышын жасырмайды.  Оның айтуынша, мәскеулік дәрігерлер баланы тексеруден өткізуге дайын, алайда бұл отбасының Мәскеу қаласына баратын қаражаты жоқ.


Жаңалықтар
0