АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Алматы обысында полиция қызметкерлері кісі өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді бастады. Ол бойынша 75 жастағы зейнеткер күдікті болып табылады, деп хабарлайды өңірлік ІІД баспасөз қызметі.
Қылмыс шекара маңындағы Жаркентте тіркелді. Ол жердегі жеке меншік үйлердің бірінде 77 жастағы жергілікті тұрғынның жансыз денесі табылған. Кісі өліміне қатысты оның зейнеткер жасындағы інісі күдікті болып табылады.
"Қылмыстық іс ҚР ҚК 106-бабы бойынша, Панфилов АІІБ өндірісіне тіркелді. Ұсталған күдіктінің айтуынша, жасы келген ер адамдар ішімдік ішіп отырып, сөзге келіп қалады да, соның салдарынан інісі ағасына қол жұмсайды", — деп хабарлайды Панфилов АІІБ басшысының орынбасары Ербол Бекәділов.
Күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.