АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Демалыс күндері ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан аумағы арқылы жылжыған антициклон ықпалынан демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
"Солтүстік-шығысқа қарай антициклонның жақындауына байланысты Иран ауданынан Қазақстанға жылы ауа массалары ығысады. Сондықтан демалыс күндері республикада ауа температурасы жоғарылайды. Ал республиканың шығысында ауа температурасы дүйсенбі күні көтеріледі", — деген хабар таратты Қазгидромет.