Қоғам

Алматыда полиция бұта арасынан табылған сәбидің анасын іздестіріп жатыр

CC0 / M Ameen / Сәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық кодекстің 119-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Алматыда жол бойындағы бұтақтардың арасынан жаңа туған сәби табылды. 

Сәби - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Анасы мас болып, белгісіз жерде қалған сәби Шымкенттегі саяжайдан табылды

Сөмкенің ішінде жатқан сәбиді сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар тауып алған. Олар баланың жылаған даусын естіп, көмекке келген. 

"Олар қыздың ақырын жылаған даусын естиді, — деп әңгімеледі Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. – Жедел жәрдем мен полиция шақырады. Сәби ауруханаға жеткізілді. Қазір нәрестенің жағдайы жақсы".

Қыз баланы қарап шыққан дәрігерлер оның бірнеше күн бұрын медициналық мекемеде дүниеге келгенін анықтады. 

"Сәбидің дені сау. Дегенмен, оның далада жатып қалуының салдары жоқ емес", — деді қалалық балалар инфекциялық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Ләззат Есқалиева. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 119-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

"Ювеналдық полиция қызметкерлері сәбидің анасын анықтап, бұл жантүршігерлік қылмыстың мән-жайын анықтауға мүмкіндік беретін іс-шараларды қолға алды. Қазір полицейлер куәгер болуы мүмкін адамдардан жауап алып жатыр", — деді Әзірбек. 

Ең алдымен анасы сәбиін тастап кетті деп болжанып отыр. Одан кейін полицейлер баланы ұрлап кету немесе өш алу секілді жағдайларды да қарастыруда. 


Жаңалықтар
0