Бұл күн күліп тұрған сары смайлдың пайда болуымен байланысты. Суретші Харви Бэлл бұл ерекше символды сақтандыру компаниясы үшін ойлап тапқан, бірақ адамдардың көңілінен шыққаны сонша, қазір көңілкүйімізді сол смайлдың көмегімен білдіреміз.
Қазақстандық саясаткерлерді үнемі салмақты кейіпте көруге көзіміз үйреніп қалған. Ресми кездесулерде ойнап-күлудің реті жоқ екені белгілі. Дегенмен біздің фотографтар саясаткерлердің сирек кездесетін күлкісін суретке түсіріп үлгерген екен.

1/11
© Sputnik
Елбасының жаны жайсаң мінезін бәріміз де жақсы білеміз. Жиналыс кезінде ара-тұра айтып қалатын әзіл-қалжыңдары көпшіліктің көңілінен шығып, ауыздан-ауызға тарап кетеді.

2/11
© Sputnik / Ксения Воронина
Қызық, "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетовты неге күліп отыр екен?

3/11
© Sputnik / Болат Шайхинов
Қазақстанның ең жайдары министрі - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы.

ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев орынды айтылған қалжыңның маңызы зор екенін жақсы біледі.

5/11
© Sputnik / Болат Шайхинов
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен әділет министрі Марат Бекетаев үкімет отырысы алдында.

6/11
© Sputnik / Болат Шайхинов
Қасым-Жомарт Тоқаев МГИМО түлектерінің халықаралық форумында.

7/11
© Sputnik / Болат Шайхинов
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

8/11
© Sputnik / Болат Шайхинов
Үкімет басшысының орынбасары Ерболат Досаев әріптестерімен сәлемдесуде.

9/11
© Sputnik / Ильяс Омаров
Астана әкімі Әсет Исекешев.

10/11
© Sputnik / Болат Шайхинов
ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Майра Айсина

11/11
© Sputnik / Болат Шайхинов
ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.
