АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Немересін өлтірді деп айыпталып отырған ер адам ұсталып, тергеу абақтысына қамалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр елді мекенінің тұрғыны үш жасар баланы өлтірді деп айыпталып отыр.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды", — деп хабарлады Құдияров.
Қазіргі уақытта ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, Қарағанды облысында ұйқы бермегені үшін өз немересін өлтірді деп айыпталып отыр.