Махметов: үнділіктер Астанадағы ММА бойынша әлем чемпионатына келеді

Махметов: индейцы приедут на чемпионат мира по MMA в Астану
Жазылу
ММА, панкратион және грепплинг Ұлттық федерациясының құрметті президенті Айдар Махметов 6-7 қазан күндері Астанада өтетін ММАәлем чемпионаты туралы айтып берді

"Әлем чемпионатына Ливан, Марокко, Македония, Аргентина және басқа да мемлекеттердің өкілдері келеді. Алғаш рет әуесқой ММА кезінде рингке әйел адамдар шығады. Біздің қыздар – Мария Агапова мен Мәнсия Молдағұлова Қырғыстандағы Ош қаласында өнер көрсетіп, Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленген болатын", — деді Махметов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде. 

Оған қоса, ол Астанадағы ММА бойынша әлем чемпионатына әлемнің 30 елінен келген 150 астам спортшы қатысатынын атап өтті. 

ММА Әлем чемпионаты туралы толық мәліметті аудиофайлдан тыңдауға болады. 

 

Жаңалықтар
0