Оқиға

ІІД: "Қазпошта" бөлімшесін ағайынды екеу тонаған

© Sputnik / Александр Мазуркевич / Медиабанкке өтуҮкімнің жариялануы
Үкімнің жариялануы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті болған ағайындылардың әкесі тоналған осы бөлімшеден зейнетақысын алып жүрсе, ал оның ұлдары жұмыссыз болған

АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Көкшетау қаласының маңындағы "Қазпошта" бөлімшесін тонаған екі адам ағайынды бауырлар болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне Ақмола облысы ІІД.

"Қазпошта" АҚ бөліміндегі қарақшылық тонау 3 қазан күні болған. Келесі күні шамамен миллион теңгені ұрлаған екі күдікті ұсталады. 
Ұсталғандар облыс орталығының 25 және 30 жасар тұрғындары екені белгілі болды. Олардың бірі бұған дейін дәл осындай қылмысы үшін сотталған. Екі ойыншық тапанша, киім және ұрланған ақша тәркіленді. 
"Күдіктілер – еш жерде жұмыс жасамайтын екі ағайынды жігіттер. Олар жалдамалы пәтерде тұрған. Жанұяның отағасы тоналған бөлімшеден зейнетақысын алып жүрген. Ұрланған ақшаны олар сенімді жерге жасырған", — деп мәлімдеді полиция қызметкерлері. 
Аталған іс бойынша ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Жаңалықтар
0