АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанның мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді.
Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.