АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Мерзімінен бұрын өкілеттіктен бас тартқан депутаттар саны биыл рекордтық көрсеткішке жетті, жүзден астам округте депутаттық орындар бос қалған, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
"Биыл өкілеттіктен мерзімінен бұрын бас тартқан депутаттар саны күр өсті. Үш сайлау кампаниясы бойынша VI рет шақырылған мәслихатта барлығы 192 округ босатылды", — делінген хабарламада.
5 қазанда Орталық сайлау комиссиясы отырысы кезінде округтер саны көрсетілді. Барлығы 105 округ.
"Мәслихат депутаттарының өкілеттігін тоқтату үрдісі байқалады. Саяси партиялар осыған баса назар аударғаны жөн деп санаймыз. Себебі салдарынан депутаттық корпус сенімнен айрылып, үміткерлер сайлаушылар алдында бағдарламаларын орындамай қалуы мүмкін", — деді сайлау комиссиясының басшысы Берік Имашев.