АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Ниигатада жергілікті тұрғындар ерекше табиғи құбылысты тамашалады, деп хабарлайды Daily Mail.
Дзёэцу қаласының үстінде жылан іспеттес ерекше бұлт пайда болған. Видеодан көрініп тұрғандай ұзыннан созылған бұлт аспандағы қою бұлттың ішіне біртіндеп кіріп, көзден ғайып болады.
Мұндай табиғи құбылыс жаңбырлы немесе түйдек бұлттардан пайда болады. Олар жер бетіне жетсе, қатты құйынға ұласуы мүмкін.