Оқиға

Алматыда полицей өзі жараланса да, қарулы қылмыскерді тоқтатты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкері өз өмірін қауіпке тігіп, Алматыда қылмыстық жазадан қашып жүрген қарулы қылмыскерді қолға түсірді

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Полиция капитаны Ернар Арнарбаев Алматыда қарулы қылмыскерді ұстады, ол операция барысында оқ жарақатын алған, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Азамат Балтабаев пен Жорж Киессер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Полицей мен Франция азаматы Астанада өзіне қол салмақ болған жігітті құтқарып қалды

ОҚО полициясы мәліметінше, полицейге шабуыл жасаған Сәбит Елемеске Кентеу қаласында пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ретінше іздеу салынған болатын. Биыл маусым айында Елеместің қылмыстық тобы мүшелері сотталды. Ал Елеместі іздеу жалғастырылған.

Төрт ай өткен соң қылмыстық полиция қызметкерлері жедел іздеу шараларын жүзгіру нәтижесінде Елеместің қайда екені анықталды. Алматыға қыркүйек айының соңында полицейлер тобы жіберіліп, олардың құрамында Бухарбаев Самат пен Анарбаев Ернар болған. 

"28 қыркүйекте түнгі сағат он бірде Елеместі ұстау барысында іздеудегі азамат қарсылық көрсетіп, полицейлерге екі рет травматикалық қарудан оқ атқан. Жиырма жеті жастағы капитан Анарбаев жарақат алғанына қарамастан, қылмыскердің қолын кісендеп, көмекке келген «Боран» экипажына берген", — деп хабарлады ОҚО полициясы.

Жаңалықтар
0