Өңірлер

Жамбыл облысы тұрғынынан тоғыз келіден астам героин тәркіленді

© AFP 2024 / DANIEL SANNUM LAUTEN Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрақты жұмысы жоқ ер адам бұған дейін есірткі заттарын сақтағаны үшін бірнеше рет сотталған

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Қордай ауданы, Қайнар ауылында полицейлер тоғыз келіден астам героин мен "Вальтер" маркалы газ тапаншасын тәркіледі, деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД. 

ҚР Қылмыстық кодексінің бұрынғы басылымының 259-бабы бойынша (есірткі заттарын заңсыз сақтау, психотропты заттарды дайындау, сақтау, тасымалдау) бірнеше рет сотталған 59 жасар жалғыз басты, жұмыссыз ер адам ұсталған кезде, өз ісін мойындады. Қазіргі уақытта Қордай АІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 297-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Жаңалықтар
0