АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласына Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Сапар барысында мемлекет басшысы бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени мекемелерді және өңірдегі өндірістік кәсіпорындарды аралайды деп жоспарлануда. Өткен аптада Ақтөбеде "Туған жер" атты жерлестердің республикалық форумы болды. Оған Ақтөбеден шыққан атақты адамдар әлемнің 20 елінен жиналды.