Қоғам

Жасөспірімдік өлім тобының тәлімгерлері кімдер болатыны анықталды

CC0 / StockSnap / Үйдің шатырында отырған қыз бен жігіт
Үйдің шатырында отырған қыз бен жігіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәлімгерлер – 13-25 жас аралығындағы жастар – өздерінің құрбандарына менсінбеушілікпен қарайды

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Қолдарында қымбат смартфондары және басқада дүниелері бар, тұрмысы жақсы отбасыдан шыққан жасөспірімдер көп жағдайда "өлім тобының" әкімгері және тәлімгері болады, деп жазады РИА Новости.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде балаларды өлімге итермелейтін виртуалды ойын таралып жатыр. Жасөспірімдер желілерде  "өлім тобына" бағыттайтын бірнеше хэштегтармен бөлісе бастады. Топқа кірген балаларға ойын қатысу және түрлі тапсырмаларды орындау ұсынылады. Оның ең соңғысы өз-өзіне қол жұмсау болып табылады. 

телефон - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР ІІМ: Қазақстанда "өлім топтарының" әсерінен болған суицид жағдайлары жоқ

ІІМ "К" басқармасының басшысы Алексей Мошковтың айтуынша, ресейлік құқық қорғау органдары интернеттегі "өлім тобының" әкімгерлері мен тәлімгерлерінің 80%  астамы 13-25 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар болатынын анықтады. Олардың қатарындағы 14-15 жас аралығында жасөспірімдер — 42% құрайды. 

16-18 жастағы жасөспірімдер — 40%, 18-25 жас аралығындағы кәмелетке толған жастар қалған — 18% қамтиды. Бұлар негізінен тұрмысы жақсы отбасынан шыққан балалар. Олардың қымбат телефондарды, жақсы компьютерлері бар. 

Сонымен қатар, ұсталған тәлімгерлер мен әкімшілер өздерінің құрбандарына менсінбеушілікпен қарайды. 

Ресейде жасөспірімдік суицидтің шамамен 1% осындай "өлім топтарының" ықпалымен жүзеге асырылады. Оған табыспаған махаббат немесе отбасылық жанжал себеп болады.

 


 

 


Жаңалықтар
0