Қоғам

ҚР Қауіпсіздік қызметінің отырысында мобилизациялануға әзірлік талқыланды

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚР Қауіпсіздік қызметінің отырысы
ҚР Қауіпсіздік қызметінің отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Президенті құқық қорғау және арнайы органдарының қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар берді

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы болды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.  

Отырыс барысында жаһандық факторлары ескере отырып, қауіпсіздік аясындағы өзекті мәселелер, сонымен қатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға әрекет ету күштері мен құралдарының жайы талқыланды. 

"Біз бүгін еліміздің мобилизациялық дайындығын және түрлі төтенше жағдайларға әрекет етуге қатысты дайындық дәрежесі жайын талқылаймыз. Сонымен қатар, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің статусы мен рөлін одан ары бекіту мәселесі қарастырылады", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыс барысында президент құқық қорғау және арнайы органдарының қызметкерлерін Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесі кезіндегі сапалы қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін алғыс білдірді. Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Жаңалықтар
0