АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Кіші Алматы өзені арнасынан шықты, деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.
Сейсенбі күнгі таңертең Кіші Алматы өзені арнасынан шықты. Өзен Бөгенбай батыр және Қайырбеков көшелерінің қиылысын басып кетті.
"Есентай өзенінің арнасын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде, Есентай өзенінің негізгі арнасы Кіші Алматы өзеніне қарай бұрылған. Алайда, Бөгенбай көшесіне қарай бұрылған арнаның көзі автокөліктің екі дөңгелегімен бітеліп қалған. Осыған байланысты өзен арнасынан шығып, қала көшелеріне тарап кетті", — делінген хабарламада.
Қалалық әкімдік тарапынан төтенше шаралар қолға алынды. Билік өкілдерінің айтуынша, аталған оқиға қалаға ешқандай шығын әкелмеген.