АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қарағанды облысындағы Балықтыкөл ауылында мектеп ғимаратының шамалы бөлігі құлап қалды, деп хабарлайды Қарағанды облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға жөндеу жұмыстарын жүргізу барыснда орын алғаны белгілі болды. Бұл кезде ғимарат ішінде оқушылар болмаған.
БАҚ мәліметтері бойынша, бетон тақтаның құлауы салдарынан жұмысшы зардап шеккен.