АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрлігі "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының (Қазақстанда және басқа да бірқатар елде тыйым салынған) жеті жорық командирінің өлтірілгенін хабарлады, олардың арасында Қазақстан тумасы да бар болып шықты – Әбу Ислям әл-Қазақи.
"Әртүрлі дәрежелі 7 жорық командирі өлтірілді, оның ішінде Қазақстан тумасы Әбу Ислям әл-Қазақи бар, ол Ефрат жазығында ИГИЛ-дің шабуыл жасақтарын басқарумен айналысқан", — деп жазады РИА Новости Ресей Қорғаныс министрлігі өкілі, генерал-майор Игорь Конашенковтың сөздерін дәйек ретінде келтіріп.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, операцияны РФ Әуе-ғарыштық күштері Ефрат жазығында екі тәулік бойы жүргізген.
"Әуе соққысы арқылы ИГИЛ жалдамалы содырларын даярлау орталығы, оның ішінде Солтүстік Кавказдан келген 40-қа жуық содыр өлтірілді, сонымен бірге террористердің мобильді мергендер тобы жойылды", — деп мәлімет берді Конашенков.