Қоғам

Сағадиев оқулықтар туралы жалған ақпаратқа қатысты: полицияға шағым түсіруге міндетті болдық

© Sputnik / Болат ШайхиновОқулықтар
Оқулықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым министрі математика оқулығына қатысты шыққан шудан кейін мақсатты түрде халықты алдау жүріп жатқанын мәлімдеді

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев математика оқулығындағы жалаңаштанған ер адам мен әйелдің суреті туралы жалған ақпарат таратуға қатысты қылмыстық іс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұстаз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев саяси баспана сұраған ҚТЛ ұстаздарымен кездесуге дайын

"Біз ішкі істер министрлігіне шағым түсірдік, олар оны тексеруге кірісті. Менің білуімше, қылмыстық іс қозғалды. Бізге олар әзірге ақпарат берген жоқ", — деді Сағадиев БАҚ өкілдеріне.

Ол министрлік полицияға шағым түсіруге міндетті болғанын атап өтті.

"Біз шағымдануға міндеттіміз. Егер халықты мақсатты түрде алдау жүріп жатса, мұнымен ішкі істер министрлігі айналысуы керек. Бұл жұмыстың нәтижесін күтейік", — деп қосты министр.

Еске сала кетейік, білім және ғылым министрлігі шағым түсірген соң ішкі істер министрлігі жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Әлеуметтік желіде математика оқулығындағы тапсырмалардың бірінде жалаңаштанған әйел мен ер адамның суреті бейнеленген деген жалған мәлімет жарияланған болатын.

Жаңалықтар
0