Өңірлер

Димаш Оралда қарттар үйінде ән айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайберген қарттар үйіне қонаққа барды

АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген Оралда қайырымдылық айлығы аясында қарттар үйінде ән айтты, деп хабарлайды "Мой город" жергілікті басылымы.

Димаш Құдайберген КоКо Лимен бірге ән шырқады - Sputnik Қазақстан
Димаш Құдайберген КоКо Лимен бірге ән шырқады

Димаш музыкасыз жанды дауыспен шырқады.

"Бүгін алдарыңызда ән салып тұрғаныма қуаныштымын. Шақырғандарыңызға рахмет. Бүгін сіздермен араласып, жақынырақ танысамыз деп үміттенемін", — деп жас әнші жиналған қауыммен амандасты.

Оралда қарттар үйінде 547 адам тұрады екен.    

Басшылықтың айтуынша, қариялар қонақтардың келуін асыға күтіп жүреді. Өйткені бұл күндері оларға киім-кешек, азық-түлік және басқа да тұрмысқа қажетті заттар береді.

Жаңалықтар
0