АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Лас-Вегаста атыс салдарынан елу тоғыз адам, жарақат алғандар саны 527 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазір белгілі мәліметтер бойынша, жексенбі күні кешкісін алпыс төрт жастағы Стивен Пэддок казино маңындағы концертке келушілерге оқ жаудырған. Ол қонақ үйдің отыз екінші қабатынан келушілерді атқылапты. Кейін өзін атып өлтірген.
Полиция хабарлағандай, Пэддоктың үйінен тағы 18 қару мен жарылғыш құрылғы табылды. Ол қаруды заң жолымен сатып алыпты.
Атқыштың құрбысына іздеу салынды, дегенмен әйелдің қылмысқа қатысы бары айтылған жоқ.