АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Алматыда жыл соңына дейін 554 жаңа автобус қызмет көрсететін болады, деп хабарлады жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.
"Алматыэлектротранс" 300 автобус сатып алды, бүгін алғашқы 15 автобус жіберілді, екі күн сайын 15 автобус жіберіп отырады, желтоқсан ортасына дейін 300 автобус алып, іске қосамыз деп ойлаймын", — деді Мақсұт Исахов.
Оның айтуынша, жеке тасымалдаушылар тағы 254 автобус сатып алып қойған, олардың бір бөлігі жыл соңына дейін жеткізіледі.