АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қостанай қаласында полиция қызметкері өлімге әкеліп соққан жол-көлік апатын жасады. Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 1 қазан, жексенбі күні таңғы сағат 7.30 шамасында орын алған.
Хабарламада: "Отыз екі жасар жүргізуші Kia Rio маркалы автокөлікпен Курганская көшесінің бойымен келе жатып, Қостанайқаласының 23 жасар тұрғынын соғып кетеді. Зардап шеккен жас жігіт, алған жарақаттың салдарынан оқиға орнында көз жұмады", — делінген.
Қалалық ІІБ қызметі болып табылатын жүргізуші жол апаты кезінде "қызметтік автокөлікті пайдаланбаған" және өзінің қызметтік міндеттерін атқармаған.
Жол-көлік апаты бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.