Оқиға

Шығыс Қазақстанда өрт кезінде мүгедек әйел қайтыс болды

© Sputnik / Сергей КимӨрт сөндіруші
Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт сөндіруші өзінің әріптестері оқиға орнынан келгенге дейін өртеніп жатқан үйден 30 астам адамды сыртқы шығарды

АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданында үш қабатты тұрғын үйде шыққан өрттің салдарынан мүгедек әйел қайтыс болды, деп хабарлайды аймақтық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт №37 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары Дарын Сапарқанов тұратын көшеде болған. Ол құтқарушыларға қоңырау шалып, өзі өрт шыққан үйге барады. 

"Тұтанған өртті көріп, мен өрт сөндіру қызметін шақырып, өзім сол үйге бардым. Мен ол үйде жасы келген мүгедек әйел тұратынын білетін едім. Сондықтан бірден сол кісінің үйіне барып, есігін бұзып кірдім, алайда кеш болды. Үйге кірген кезде мен ол адамның төсектің үстінде жанып кеткен денесін ғана көрдім. Уақыт жоғалтпай, басқа пәтердегі адамдарды сыртқа шығара бастадым. Әріптестерім келгенше, үйдің біраз адамдары сыртқа шығып үлгерді", — дейді Сапарқанов. 

Тұрғын үйден жалпы саны 36 адам эвакуацияланды. Оның ішінде сегіз бала бар. Өрт толығымен ауыздықталып, көрші пәтерлер мен үйдің шатырына таралған жоқ. 

Өрттің көлемі 15 шаршы метрді құрайды. Электр құрылғыларын пайдалану кезінде техника қауіпсіздігін сақтамау  өрттің тұтану себебі болып табылады. оған кінәлі адам мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. 


 


Жаңалықтар
0