Өңірлер

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің бірнеше өңірінде жел тұрып, тұман түседі

АСТАНА, 1 қазан — Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байлансыты кей жерлерде жауын-шашын болады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.

Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарында түнде және таңертең — тұман.

Маңғыстау облысында, күндіз Атырау және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.

Gismeteo мәліметінше, Астанада 1 қазанда көшпелі бұлтты, негізінен жауын жаумайды,күндіз ауа температурасы +6…+9°C, түнде 0…+3°C.

Алматыда 1 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +10…+13°C, түнде +2…+4°C.

Қарағандыда 1 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +5…+8°C, түнде 0…+2°C.

Петропавлда 1 қазанда күн бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын түседі, күндіз ауа температурасы +2…+4°C, түнде 0…-3°C.

Павлодарда 1 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды, ауа температурасы +7…+10°C, түнде +1…+4°C.

Шымкентте 1 қазанда ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +12…+15°C, түнде +2…+4°C.

Ақтөбеде 1 қазанда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +6…+8°C, түнде +3…+5°C.

Ақтауда 1 қазанда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады, жел ұйытқиды, ауа темретаруасы күндіз +16…+18°C, түнде +10…+13°C.

Жаңалықтар
0