Оқиға

Алматы облысындағы жол апатында алты адам қайтыс болып, бесеуі жарақаттанды

© SputnikЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайтыс болғандар арасында екі жасар бала бар. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Қапшағай — Бақанас тас жолында екі көліктің соқтығысуы салдарынан алты адам қайтыс болып, тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. 

Жол-көлік апаты 29 қыркүйек күні кешке Балқаш ауданының Миялы аулы тұсында орын алған. Ол жерде BMW 520 және Geely автокөліктері соқтығысады. Жол апатының салдарынан оқиға орнында алты адам қайтыс болды, оның арасында екі жасар бала да бар. 

Екі автокөліктің жүргізушілері және үш жолаушы Бақанас ауылының ауруханасына ауыр жарақаттармен жеткізілді. 

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі жол апатының болғанын растады. Полиция апаттың себебін анықтап жатыр. 

 

 


Жаңалықтар
0