АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Алматыда жүргізушісі басқаруын игере алмаған көлік жекеменшік үйдің қабырғасына соғылды. Жол апаты Кудерин мен Памирский көшелерінің қиылысында, Райымбек даңғылынан төмен жерде орын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Tundra автокөлігі Кудерин көшесі бойынмен оңтүстік бағытта қозғалып бара жатқан. Жол айырығында белгісіз себептерге байланысты жүргізуші көліктің басқаруын игере алмай, электр сымдары тартылған бағананы құлатып, автокөлік жекеменшік үйдің қабырғасын бұзып кіреді.
Көліктің жүргізушісі жол апаты болған жерден қашып кеткен. Алматы полицейлері аумақты қоршап, жүргізушіні іздестіру шараларын қолға алды.