Алдағы демалыс күндері тропосфералық ағындардың бағыттары көп ауыспайды.
«Бұрынғыдай республикамыздың батысы мен солтүстік аймақтарына әсерін тигізеді, сол себептен салқын және бұлтты жауын-шашынмен ауа райы сақталады», — деп хабарлайды "Қазгидромет" инженер-синоптигі Айдана Абықан
Республикамыздың оңтүстігінде ауа температурасының аздап жоғарылауы және жауын-шашынның тоқтауы болжанады. Бірақ дүйсенбі күні осы аймақтарда өтетін атмосфералық фронт әсерінен қайтадан жауын-шашынды ауа райы орнайды, басым бөлігінде жаңбыр түрінде.