Өңірлер

Қостанайда ұрланған көліктерді сатумен айналысқан экс-полицейлер сотталды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуЖол полициясы
Жол полициясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшылары жалған құжаттар жасап, автокөлік шанағындағы нөмірлерді "қырып тастаған"

АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Қостанайда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты үкім шығарылды. Олар Ресейден ұрланған автокөліктерді заңдастырумен айналысқан. Сотталғандардың үшеуі бұрынғы полиция қызметкерлері болып шыққан. 

Басшысы Артур Қалиев (іздеу жұмыстары жүріп жатыр) болып табылатын қылмыстық топ, жалған құжаттар жасап, автокөлік шанағындағы нөмірлерді "қырып", ұрланған көліктерді Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде сатқан. Бұл істі Жанбек Ізтелеуов пен Абат Жармағамбетов айналысқан. Ұрланған көліктердің қатарында қымбат маркалы көліктер мен қатар қарапайым "ВАЗ" автокөліктері де болған. 

Қостанай облысының Меңдіқара және Федоров аудандарында қылмыстық жоспар бойынша жол инспекторлары Ерқанат Әбдікеров пен Есімжан Түкешов қатысқан. Олар ұрланған көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан. Сот оларды сегіз жылға бас бостандығынан айырып, мүліктерін тәркілеп, майор шендерінен айырды. 

Ізтелеуов бес жыл алты айға, ал Жармағамбетов бес жыл бір айға бас бостандығынан айырылды. 

 

 

Жаңалықтар
0