Өңірлер

Алматыда ер адам өзінің тәтесінен 20 миллион теңге ұрлады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуПәтер тонау
Пәтер тонау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заңсыз жолмен алынған қаражатты ер адам өзінің орындаған жұмысының ақысы деп есептейді

АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Алматыда өзінің үш сыбайласымен тәтесін тонаған ер адамға қатысты үкім шығарылды. 

Істің материалдары бойынша, сотталушы өзінің туысының материалдық жағдайы туралы анық білген. Ара қатынасы бұзылған кезде, ол туысқанын тонамақшы болады. Өзінің досы мен тағы екі сыбайласымен бірге қылмыстық жоспар құрады. 
Қолына кісен салынған әйел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Рудныйда студент қыз зейнеткерді тонап кетті
Әйел адам жеке жұмыстарымен үйінен шыққан кезде, сотталушының біреуі үйді қарауылдап қалады, қалған екі адам терезені сындырып, пәтерге кіреді де, жалпы сомасы 20,7 миллион теңге болатын қаражатты жымқырады.   
 Ұрлық жасаған төрт адам ұрланған ақшаны өзара бөліп алады. Сотта әйел адамның туысы өз кінәсын толық мойындап, алты жыл бойы өзінің тәтесінің демалыс орнында басқарушы болып жұмыс жасап, өзінің атқарған қызметі үшін еңбекақы алмағанын айтады. Ол тәтесінің өзіне ақша қарыз деп есептеп, ұрлыққа барғанын атап өтті. 
 Сот төрт адамды ҚР ҚК 188-бабының 4-бөліміне сәйкес айыпты деп танып, бас бостандығынан айырды. 

Жаңалықтар
0