Қоғам

Сарапшы: адамдар атауы латын тілінде жазылған азық-түлікті таңдап жүр

Жазылу
Қазақстандық сарапшылар латын әліпбиіне өтудің пайдалы жақтарын алға тартып жүр. Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлының айтуынша, адамдар көп ретте атауы латын әріптерімен жазылған азық-түліктерді таңдайды.

Маркетингтік зерттеулер мәліметтеріне қарағанда, сарапшының айтуынша сатып алушылар ондай азық-түліктердің сапасы да жоғары деп есептейді. 

"Қазіргі таңда, жаһандану заманында латын әліпбиінің қабылдануы уақыт талабына сай келіп отыр. Әлемдік ғылым саласының 70 %-ы, технологияның 95 %-ы латын әліпбиіне негізделген. Қазір біз отырған агенттіктің атауы да кирилл әріптерімен емес, латын әліпбиімен жазылған", — деп атап өтті Рауан Кенжеханұлы Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында. 

Біздің балаларымыздың латын әліпбиіне ауысуының дайындығы жайындағы мәселеге сарапшы сеніммен жауап беріп, мысалдар келтіріп өтті. 



Жаңалықтар
0