Өңірлер

"Ұлын үйлендірмек болған" ата-ана жұрттың мал-мүлкін иемденіп кеткен

© AFP 2024 / Noel Celis Кісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысы ауылының тұрғындары жалпы сомасы 6 миллион теңгеге бірнеше ірі алаяқтық жасаған

АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Талдықорғанда алаяқтық жасады деген күдікпен ауылдан келген үш адамды ұстады, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Банк қызметкерлері қайтыс болған клиенттің шотынан ақша ұрлаған

Қылмыстық істің деректерінде жазылғандай, Көксу ауданынан келген ерлі-зайыптылар 25 жастағы ұлдарымен бірге соңғы екі жылда облыс орталығында алаяқтықпен айналысқан.

Қазіргі уақытта отбасының тоғыз алаяқтыққа қатысы бары дәлелденіп, жалпы сомасы 6 миллион теңге қымқырғаны анықталды. 

"Ұсталғандар өте ұқыпты әрі жинақы әрекет еткен. Олар әр нәрсені сылтауратып, мәселен ұлымыз үйленгелі жатыр деп, азаматтардың сеніміне кіріп, автокөліктері мен малдарын иемденген, кейін сатып жіберген. Қазір қалалық полицияда тоғыз жәбірленушінің арызы бар", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция отбасының бүкіл мүшесін ұстады.

Жаңалықтар
0