Ескі суреттер тарихтан сыр шертіп, сол дәуірді көз алдыңа әкеледі. Қаланың архивтегі суреттеріне қарағанда, адамдардың тағдыры қалай өрбіді, уақыт қалай өзгерді деген сияқты сұрақтар еріксіз мазалайды.
"Қалалардың архивтік суреттері" дәстүрлі айдарында Sputnik Қазақстан өткенге көз жүгіртуді ұсынады. Бүгінгі фотолента Қостанай қаласы туралы. Тобыл өзенінің жағасында орналасқан қаланың тарихы өте бай. Ол 1897 жылы салынып, бастапқыда Николаевск деп аталған.

Орталық қалалық саябақ - Қостанай тұрғындарының жақсы көретін демалыс орны. Балалар суда жүзіп жүрген аққуларға қызыға қарап отыр, 1983 жыл.

"Кустанай" кинотеатры 1980 жылы ашылды. Алғашқы көрермендер сол ғимараттың құрылысшылары болған. Сыйымдылығы - 1200 орындық. Суретте "Кустанай" кинотеатры, 1983 жыл.

"Қазақстанның 40 жылдығы" кинотеатры, 1972 жыл. Бұл кинотеатр ірі жөндеуден өтіп, қазірге дейін істеп тұр.

Қостанай облыстық агрохимиялық зертханасының қызметкерлері астықтың сапасын тексеруде. Қазақ ССР, 1983 жыл.

Жеңіс саябағы, 1980 жыл.

Қостанай элеваторы. Қазақ ССР, 1982 жыл.

Қостанай нан өнімдері комбинатында астық сапасын тексеру сәті, 1978 жыл.

Қостанай қаласы костюм маталарын әзірлеу комбинаты.

Қостанай қаласы орталық балалар кітапханасы, 1978 жыл.

Қала орталығы. Таран көшесіндегі зәулім тұрғын үй, 1983 жыл.
