АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазан айының басында Қазақстанға келеді, деп хабарлайды РИА Новости министрліктің ресми өкілі Мария Захароваға сілтеме жасап.
"Алтыншы қазан күні Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың орнауының 25-жылдығы құрметіне орай Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға ресми сапармен келеді", — деп мәлімдеді Захарова брифинг кезінде.
Оның айтуынша, келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы серіктестіктің өзекті мәселелерін қарастырады.