Қоғам

Жылдың соңына дейін бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 320 теңге болады

CC0 / / Темекі
Темекі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жылдың соңына дейін бір қорап темекінің бағасы 320 теңге болады

АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан үкіметі темекінің бөлшек сауда бағасының төменгі көрсеткішіне өзгеріс енгізді. 

25 қыркүйекте қабылданған қаулыға сәйкес, 20 дана фильтрлі темекінің, фильтрсіз темекінің және папиростың бөлшек сауда бағасы осы жылдың 31 желтоқсанына дейін – 320 теңге, 2018 жылдың 1 қаңтары мен 30 маусымы аралағында – 340 теңге, 2018 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында – 360 теңге, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 380 теңге болады. 

Бұған дейін үкімет 20 дана фильтрлі темекінің, фильтрсіз темекінің және папиростың бөлшек сауда бағасы — 300 теңге деп белгілеген болатын. 

 

Жаңалықтар
0