Өңірлер

Соққыға жығу туралы атышулы бейне: Шымкентте полиция қызды соттады

© AFP 2024 / Sergei SupinskyҚолына кісен салынған әйел
Қолына кісен салынған әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде полицейлер екі қызды өздерінің автокөліктеріне күшпен отырғызып жатқан бейне таралды

АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте полиция қызметкерлеріне бағынбаған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан ІІД баспасөз қызметі. 

Бұған дейін ғаламтор бетінде,полицейлер белгісіз адамды патрульді көлікке күшпен отырғызып жатқан бейне таралған болатын. Олардың жанында тұрған қыз тәртіп сақшыларына кедергі жасамақ болған кезде, ішінен соққы алады. Желі қолданушылары оны полиция қызметкері ұрды деген болжам жасаған. 

Тексеру барысында анықталғандай, 27 қыркүйек күні полицияға белгісіз қыздан дәмхананың жанында оны белгісіз біреулердің соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнында белгісіз біреулер полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетеді және тәртіп сақшыларына қатысты күш қолданады.  

"Бұзақылар полицейлердің пагондарын жұлып тастайды. Ол жағдай дәмхананың жанындағы бейне камера жазбасынан анық көрінеді", — деп хабарлады мекеме қызметкерлері. 

Нәтижесінде екі күдікті: 26 жасар Қызылорда облысының тұрғыны және 23 жасар Шымкент тұрғыны ұсталды. Олар, болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Іс ҚР ҚК "Бұзақылық" және "Билік өкіліне қарсы күш қолдану" баптары бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 


Жаңалықтар
0