АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Ауғанстандағы жағдайға қатысты болған ашық пікір-таласқа қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, Қайрат Омаров бұл пікір талас кезінде Ауғанстандағы қауіпсіздік саласындағы тұрақсыздық жағдайына, өз кезегінде оның бүкіл аумақтағы жағдайға ықпал етуіне қатысты алаңдаушылық білдірді.
"Оған қоса, Қазақстан өзінің әлеуеті зор серіктес ретінде Ауғанстанның беделін қалыптастыруға талпынады. Ауған халқы ортақ жобаларды жүзеге асыруға және жаңа жұмыс орындарының құрылуын қажет етеді", — делінген хабарламада.
Оған қоса, Орталық Азия мемлекеттерінің Ауғанстанмен инфрақұрылым, тасымал және көлік, энергетика және т.б. салалардағы ұзақ мерзімді серіктестік құруға қызығушылығы бар екені де атап өтілді.
Пікір-таласқа қатысушылар халықаралық қауымдастықты бейбітшілік мен тұрақтылыққа қол жеткізу жолында Ауғанстан халқына көмек көрсетуді одан ары жалғастыруға шақырды.