Өңірлер

Көкшетауда судьяның өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

© AFP 2024 / DANIEL SANNUM LAUTEN Ұстау
Ұстау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Судья Жанна Бердіғұлованың өліміне қатысы бар күдіктінің әрекетінде аса қауіпті қылмыстың қайталануы анықталды

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Ақмола облыстық соты қылмыстық істер бойынша коллегия төрайымы Жанна Бердығұлованың өлімі туралы іс сотқа келіп түсті.

Архивное фото исправительной колонии - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көкшетаудағы судья өліміне күдікті екі айға қамауға алынды

Облыстық прокуратура мәліметінше, қылмыстық іс Ақмола облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген.

"Кісі өлтіруден бөлек, сотталушыға жәбірленушінің жеке мүлкі мен қызметтік куәлігін ұрлады деген айып тағылған. Айта кеткеніміз жөн, қылмыскердің әрекетінде аса қауіпті қылмыстың қайталануы байқалады, себебі ол бұрын да ауыр қылмыс үшін сотталған", — делінген хабарламада. 

Қадағалау ведомствосы атап өткендей, істің соңғы нүктесін сот қояды.

Жаңалықтар
0