Қоғам

Астанада жылуреттегішті өз бетімен орнатқан тұрғындарға айыппұл салынады

© Photo : aqua-rmnt.comЖылуреттегіш
Жылуреттегіш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Энергетика мамандары пәтерлерде жылуреттегіштерді заңсыз орнатқандарға айыппұл салады

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Астана қаласының энергетика басқармасы пәтерлерде жылу реттеуші құралдарын пайдалану туралы пікір білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігі медиа орталығына сілтеме жасап.

Жылу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада үйлерге қашан жылу беріледі?

Арнайы құралдарды ПИК-тер мен "Астана-Теплотранзит" рұқсаты арқылы ғана пайдалануға болатынын хабарлады энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев. Жылу реттеуіш құралды орнатпас бұрын аталған мекемелерді хабардар ету керек. Егер құрылғы сертификатталған болса, үйде гидравликалық қалып сақталса, органдар рұқсат береді. Олай болмаса, айыппұл салынады.

"Егер жылу реттеуіш Заңсыз орнатылса, онда ол үйдің гидравликалық режимі бұзылады. Яғни біреуде жылы, біреуде суық болады. Оның салдары жүйеге желдің толуына әкеп соғады. Бүгін біз өкілетті орган болып табыламыз. Біз "Астана –Теплотранзит" АҚ, тұрғын үй инспекциясының мамандарымен келіп, аталған факт бойынша тексереміз. Тіпті айыппұл да саламыз. Айыппұл көлемі келген шығынға байланысты болады", — дейді Б.Жапаев.

Естеріңізге саламыз, 27 қыркүйек Астанада жылу маусымы ресми түрде беріле бастады. Ал жақында жылу беру мектептерде, балабақшаларда, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарында қосылды.

Жақында қалалық энергетика басқармасы елорда мектептерінің, емханаларының, мәдениет нысандарының жылу беру маусымына 100% дайындығын мәлімдеді. Көпқабатты тұрғын үйлер де жылу қабылдауға толығымен дайын.


Жаңалықтар
0