Қоғам

Болашақта қандай жағдайда түлектер ҰБТ тапсырмауы мүмкін?

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуҰБТ
ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда ақылы бөлімге түсетін талапкерлердің ҰБТ тапсырмауы ұсынылды

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Білім және ғылым министрлігінің қоғамдық кеңесі ЖОО-ның ақылы бөліміне түсетін түлектердің ҰБТ тапсырмауын ұсынды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

талапкерлер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Грантқа ілікпеген түлектер студенттік кредит бойынша оқуға түсе алады

Бұдан бұрын "Ақжол" партиясының мәжіліс депутаттары мәлімдегендей, еліміздегі грант бөлудің қазіргі жүйесі білімді жастардың Қазақстаннан кетіп қалуына әкеп соғады, себебі ҰБТ және грант бөлу процедурасы дарынды түлектерді шетелден тегін білім алу жолдарын іздеуге итермелейді. Ресей, Чехия, Қытай және басқа елдердің ЖОО-дары қазақстандық түлектерді ҰБТ қорытындысынсыз қабылдап, грант ұсынады. 

"Қазіргі заманда көптеген ел, оның ішінде Ресей мен Қытай да бар, жоғары білімді халықтың санын көбейтуге тырысады. Бізде де сондай үрдіс қалыптасуы керек, сондықтан жоғары білімнің қол жетімділігін арттырмаса болмайды – ҰБТ тапсыруды жастардың қажеттілігіне қарай икемдеп, бейімдеуіміз керек", — деді қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Ирсалиев.

Коғамдық кеңес министрлікке ЖОО ақылы түсетіндерге ҰБТ тапсырмауға мүмкіндік беруді, ҰБТ сынағын мемлекеттік грант алу үшін конкурстық іріктеу құралы ретінде бекітуді қарастыруға кеңес берді.

Жаңалықтар
0