Оның айтуынша, алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында жаңбыр жауады. Ал солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аудандарда кезекті арктикалық фронт ауа райына ықпал етеді. Сондықтан алдағы екі тәулікте күн суытып, жаңбыр жауып, арты қар аралас жаңбырға ұласады.
"Бұл фронттың оңтүстік-шығысқа жылжуына байланысты Қазақстанның шығысында қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Ал, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын жалғасады. Антициклонның ықпалында болған батыс облыстарда жауын-шашын болмайды. Республика аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 3-8 градусқа төмен болады", — дейді Сағындықова.