АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей үкіметінің төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлайды республика үкіметінің сайты.
Кездесу барысында ғарыш саласындағы екі жақсы серіктестікті кеңейту мәселесі талқыланды. Нақтырақ айтқанда, "Байқоңыр" кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкімет аралық комиссиясының алдағы уақытта өткізілетін отырысының күн тәртібі қаралды.
Кешен бойынша Қазақстан-Ресей үкімет аралық комиссиясының алтыншы отырысы ағымдағы жылдың соңына дейін өткізілетін болды.
Мәскеу мен Астана Байқоңыр ғарыш айлағын 1999 жылдан бері бірігіп қолданып келеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап, ғарыш айлағын Ресейге жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды. Жыл сайынғы жалға беру құны 115 миллион долларды құрайды.