АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Германиядағы қазақстандық дипломаттар Украинадан шыққан босқынның өліміне қатысты күдікті болып табылатын Қазақстанның тумасының азаматтығын анықтап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
Бұған дейін DW хабарлағандай, германдық Эггеленфельдтегі жатақханада Қазақстан мен Украинадан шыққан босқындар арасында төбелес болып, соның салдарынан Украинадан шыққан босқын қайтыс болады. Бұл жанжал 23 қыркүйек күні ер адамдар тұратын бөлмеде орын алған.
"Қолдағы бар мәліметтерге сәйкес, германиялық деревнядағы жатақханадағы бөлмелесінің өліміне қатысты қазақстандық Жаркент қаласының тумасы 1970 жылғы Әбутәліп Сәрсенбиев айыпталады. Алайда, қазіргі уақытта онда Қазақстан азаматтығының болуына қатысты ақпарат тексеріліп жатыр", — деді Жайнақов Sputnik Қазақстан тілшілеріне телефон арқылы.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Мюнхендегі Қазақстан консулдығының қызметкерлері болған оқиға жайлы толық ақпарат алу мақсатында прокуратураға ресми сұраныс жіберді. Дипломаттар Сәрсенбиевтің азаматтығы туралы және оның қазіргі уақытта Германияда болуының негізгі мақсаттары туралы ақпарат беру туралы өтініш жасады.