Саясат

Назарбаевқа Қазақстандағы қарулы күштердің жағдайы туралы айтылды

© Photo : министерство обороны Республики КазахстанСнайпер
Снайпер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысына Қарулы күштердің ағымдағы жағдайы және "Қаратау" оқу жаттығуларының нәтижелері туралы ақпарат берілді

 АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik.  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовпен кездесті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі. 

Президентке еліміздің қарулы күштерінің ағымдағы жағдайы және министрліктің жұмыс жоспарын іске асыру нәтижелері туралы ақпарат берілді. 

Қорғаныс министрі Назарбаевқа "Қаратау-2017" жедел-стратегиялық оқу жаттығуларының қорытындысы туралы айтып, жаттығуларды өткізу барысында аймақтық әскери барлау жүйесін қолдану туралы есеп берді. 

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Қорғаныс министрінің берген ақпараты бойынша "Қаратау-2017" жедел-стратегиялық оқу жаттығулары  Қазақстанда 12-21 қыркүйек аралығында өткізілді.  

 

Жаңалықтар
0