АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. "Қазақмыс" корпорациясының Оңтүстік-Жезқазған кен орнында жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға сейсенбі, 26 қыркүйек күні "Жезқазғанцветмет" АҚ тау-кен өңдеуші кешенде орын алған.
Алдын ала мәліметтерге орай, тоқ тарту салдарынан тазартпа кенжардың 1993 жылғы туған жұмысшысы жарақат алып, оқиға орнында мерт болды.
Қайғылы оқиғаның себептерін арнайы комиссия тексеріп жатыр.