АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
28 қыркүйек күні күндіз, 29 қыркүйек күні түнде Оңтүстік Қазақстан облысының таулы жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ауысады). 28-29 қыркүйекте тәулік бойы кей жерлерде солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с желдің күшеюі сақталады. 29-30 қыркүйекте түнде ауа температурасы кей жерлерде 3 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
29-30 қыркүйекте түнде Қызылорда облысының кей жерлерде ауа температурасы 3 градус аязға төмендеуі күтіледі.
29 қыркүйекте Жамбыл облысында, 29 қыркүйек тәулік бойы, 30 қыркүйек күні түнде те Алматы облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ауысады), оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде 30 қыркүйек түнде — 1 қазан күні ауа температурасы 1-6 градус аязға дейін төмендейді.
29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ауысады), кей жерлерде солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін болады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90%.