Саясат

Қазақстан қандай жағдайда өз азаматтарын Сауд Арабиясына ұстап беруден бас тартады

© AP Photo / Moises CastilloҰстау
Ұстау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында өткен жылы ұстап беру туралы келісім жасалды

АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Мәжілісте "Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы келісім 2016 жылы қазанда Эр-Риядта жасалған. 

"Келісім ережелеріне сәйкес тараптар өздерінің аумағындағы, ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстары үшін екінші тараптың аумағында айыпталатын немесе сотталған кез келген адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау мақсаттарында ұстап беруге міндеттеледі", — деді мәжілістің жалпы отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин. 

Тараптар бір-бірімен тікелей осыған арналған орталық органдар арқылы немесе халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (интерпол) арналары өзара іс-қимыл жасайды.

Самолет Airbus A330 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Отандық әуе компаниясы Сауд Арабиясына тұрақты ұшуға рұқсат алды

Екі елдің де ұлттық заңнамасына сәйкес кемінде бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе неғұрлым қатаң жаза тағайындалатын қылмыстар ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар деп танылады. 

"Сұрау салынатын тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес өз азаматына қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шартымен өз азаматтарын ұстап беруден бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда сұрау салушы тарап екінші тарапқа іске қатысты қылмыстық талқылау материалдарын, заттай дәлелдемелерді және кез келген басқа да құжаттарды береді", — деді ол. 

Келісімге сәйкес сұрау салушы елдің орталық органы екінші тараптың орталық органына өтінішті жазбаша түрде жіберуі тиіс. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда сұрау салу халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (интерпол) арналары арқылы жіберілуі мүмкін.

Жаңалықтар
0